«Google сервисінің мүмкіндіктері»

2024 жылғы 15 қарашада физика-математика факультетінің информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-лекторы Есейқызы Айым «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні бойынша ИҚ111 тобына арналған «Google сервисінің мүмкіндіктері» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақтың мақсаты – студенттердің жасанды интеллектті пайдалана отырып зертханалық жұмысты орындауын қамтамасыз ету. Сабақ барысында HedraAI, ChatGPT және Flippity платформалары қолданылды.