2024 жылғы 20-24 қараша аралығында АР23488199 «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» тақырыбындағы ғылыми жоба жетекшісі, бас ғылыми қызметкер Г.С. Майлыбаева, бас ғылыми қызметкер С.К. Абильдина, және жетекші ғылыми қызметкер Ж.Р. Жексембаева, аға ғылыми қызметкер А.Т. Искакова іс-сапарға Астана қаласында «Nobel fest x teachers’ summit» қатысып, тәжірибе алмасып қайтты.
«Nobel fest x teachers’ summit» — жылдың ең ірі ғылыми шараларының бірі — бұл ғалымдар мен педагогтердің тәжірибесі және жаңалықтарымен бөлісуге арналған алаң болып табылады.
Осы алаңда «Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ мектепке дейінгі ұйым педагогтерін кәсіби қызметке даярлау» ғылыми жобасы аясында жоспарланған жұмыстар жөнінде инклюзия мәселесі бойынша кеңесші ғалым Даниэль Собель, жазушы және отбасылық қатынастар мен жеке даму саласындағы сарапшы Анатолий Некрасов және психолог Валерий Гутпен кездесіп пікір алмасты.