«Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы- дәріскері Н.Ермекова, 19-шы қараша 2024 жылы,  1 курс білімгерлері, ИҚ111, МИҚ111, ИР111 топтарымен  «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Онда «Сыбайлас жемқорлық» жөнінде видеоролик көрсетіліп, 2015 жылы Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заң қабылданып, бұл мәселе мемлекеттік саясаттың бір бөлігі екені,  Қазақстанда онымен күрес қалай жүргізіліп жатқаны жөнінде баяндалды. Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады деп қорытындылады.