Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарғы білім министрінің кеңесшісі Емелбаев Руслан Тохтарбекович 2024 жылдың 5 желтоқсанында Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары аясында біздің ЖОО келді.
Сапар барысында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Бөрібаев Ермек Әбілтайұлы университеттің негізгі бизнес-процестерін цифрландыруға және автоматтандыруға бағытталған «Smart Zhetysu» цифрлық платформасын ұсынды. Презентация кезінде университет оқытушылары мен білім алушыларының жеке кабинетінің цифрлық қызметтері мен білім беру контентімен қамтамасыз етілу көрсетілді. Білімгерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері «One-Click» сервисі жұмысын көрсетіп, таныстырды.
#SDG #ЦУР #ТДМ