Журналистика кафедрасының оқытушы-дәріскері А.Жазыбекова «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында Жқ 111 тобына кураторлық сағат өткізді. Кураторлық сағаттың мақсаты: білімгерлерге «Сыбайлас-жемқорлық» ұғымын түсіндіріп, оның пайда болу себептері туралы түсінік беру. Білімгерлерге өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарауға және әділдікке тәрбиелеу.
Тәрбие сағатында білімгерлер «Сыбайлас жемқорлықпен күрес» заңымен танысты, сонымен бірге түрлі жағдаятты сұрақтар қойылып, оның шешу жолдарын талқылады.