Құттықтаймыз!

«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ АЛАШТЫҢ АҚ ЖОЛЫ» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті 6В01701 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Емберген Зарина 2024 жылғы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында өткен «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» жалпыұлттық байқауында жүлделі 2-орын иеленіп, 300 000 теңге қаржылай сыйлық алды.

Байқау үш кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезеңде ұсынылған ғылыми жұмыстар онлайн іріктелді. Екінші кезең 2024 жылғы 16 қарашада Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата университетінде өтіп, ақтық сайысқа 41 қатысушы жолдама алған.

Байқаудың үшінші кезеңі Қарағанды қаласындағы ҚР Ішкі істер министрлігінің Б.Бейсенов атындағы академиясында өтті. Сайысқа 18-35 жас аралығындағы жас ғалымдар, оқытушылар және білімгерлер қатысты. Байқауға алаштанушы ғалымдар Дихан Қамзабекұлы, Сұлтан Хан Аққұлұлы Жүсіп, Қайырбек Ризабекұлы Кемеңгер, Алма Сайлауқызы төрелік етті.

Емберген Заринаның «Телжан Шонанұлы әдістемелік мұрасының бүгінгі әдістемемен сабақтастығы» тақырыбындағы ғылыми жұмысы ақтық кезеңде «Алаш қайраткерлерінің оқу-ағарту мен ғылымдағы ұстанымы және оның қазіргі Қазақстан үшін маңызы (тағылымы)» номинациясы бойынша үздік деп танылып жүлделі орын иеленді. Ғылыми жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Шүкенай Гүлім Төлеуқызы.

Құттықтаймыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ