«Jas galym» университетішілік конкурсының қорытындысы

2022 жылғы 01 желтоқсанында «Jas ǵalym-2023» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру байқауы өткізілді. Байқаудың сараптама комиссиясының отырысына 8 комиссия мұшелері қатысты (15.09.2022 ж. № 252П бұйрығы).

Байқауға 20 өтінім қабылданды, формалды белгілер бойынша 4 өтінім қайтарылды, қорғау үшін 16 өтінім іріктеліп, оның ішінде 9 жоба 2023 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін іске асыру мерзімімен жалпы сомасы 12 млн теңге болатын келесі жобалар мен қаржыландыру сомалары мақұлданды:

1. «TIR-робототехниканы оқытуға арналған мобильді қосымша» жоба жетекшісі М.А. Әуелбек, жоба орындаушылары А.М. Иманбетова, А.Н. Жайлаубаева, қаржыландыру сомасы: 1 500 000 теңге;

2. «Черная львинка шыбынының личинкаларының көмегімен зоогумус өндірісі» жоба жетекшісі А. Камбарова, жоба орындаушылары Б.Б. Туктубаев, Ә.К. Байбекова., қаржыландыру сомасы: 1 300 000 теңге;

3. «PROrblV ACADEMY» (digital education)» жоба жетекшісі Д.А. Дигай, жобаны орындаушылар Н.Т. Тоқтаханова, Д. Нұрмұханқызы, қаржыландыру сомасы: 1 300 000 теңге;

4. «Шыны қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндірудің экологиялық және экономикалық тиімділігі» жоба жетекшісі А.Е. Тоқанбаев, жоба орындаушылары Б.С. Нұртаев, Б.К. Көбей, қаржыландыру сомасы: 1 500 000 теңге;

5. «Python бағдарламасын үйретуге арнаған «pyteach» онлайн платформасы» жоба жетекшісі Ш.М. Асылбекова, жоба орындаушылары А.А. Советбекова, Б.М. Тоқтаған, А.А. Төленбергенова, қаржыландыру сомасы: 1 000 000 теңге;

6. «DaVinci – Қашықтықтан оқытуға, онлайн курстарды, бейне сабақтарды жазуға және вебинарлар өткізуге арналған интерактивті бейне студия» жоба жетекшісі Ж.У. Ахметов, жоба орындаушылары А.Е. Құлынтаев, Д.К. Қабдуалиев, А.Б. Абдулаева, қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге;

7. «Safe-Guard» автономды пилотсыз ұшу аппаратын күзет жүйесінде динамикалық пайдалану» жоба жетекшісі А.С. Ибраимов, жоба орындаушылары С.С. Серікбаев, Қ.Р. Жақпаев, қаржыландыру сомасы: 2 000 000 теңге;

8. «Әлеуметтік туризм бойынша Жетісу облысының Бірыңғай порталы — SocTour7su.kz» жоба жетекшісі А.Қ. Сапарова, жоба орындаушылары А.М. Касымова, Д.Н. Өмірсерік, қаржыландыру сомасы: 1 000 000 теңге.

9. «Қазақстан Республикасының пенитенциарлық жүйесін ізгілендіру» жоба жетекшісі Б.А. Сериев, жоба орындаушылары А.Б. Тлеубаев, Б.Ш. Гусенов қаржыландыру сомасы: 400 000 тенге.

2022 жылғы 13 желтоқсанда «Jas ǵalym-2023» жас ғалымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру байқауы жеңімпаздарының марапаттауы өтті.