АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ АЯСЫНДАҒЫ ДӘРІСТЕР

21.10.2024 ж. – 16.11.2024 ж. жаратылыстану пәндері кафедрасының ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қоспалар мен полимерлер кафедрасының қауымдастырылған профессоры (доцент), PhD Кудайбергенова Батес Маликовна Google meet платформасында «6В08102 Агрономия — Ауыл шаруашылығы ғылымдары мен технологиялары» білім беру бағдарламасының 2-курс бакалавриат (АСТдд211 тобы) білім алушыларына «General and organic chemistry» пәні бойынша қашықтықтан оқыту сабақтарын өткізді. Инновациялық әдістерді қолдана отырып өткізген дәріс пен практикалық сабақтарға студенттер қызығушылықпен қатысып, талқылады.

#SDG #ЦУР #ТДМ