2024 жылдың 12 желтоқсанында педагогика және психология факультетінің ұйымдастырумен «Педагогикалық шеберлік және креативтілік: заманауи тәрбиеші құзыреттіліктері» атты пәндік олимпиада өтті.
6B01201 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының студенттерінен құралған 3 команда қатысып төмендегі орындарға ие болды:
«Smart Tәрбиешілер» командасы III орын;
«Bala Tech» ІІ орын;
«Digital Педагогтар» (жетекші: Байдилданова М.С.) жүлделі І орынды жеңе отыра Республикалық пәндік олимпиадаға жолдама ұтып алды.





