«Педагогикалық шеберлік – 2025»

2025 жылдың 10 қаңтарында физика-математика факультетінде «Педагогикалық шеберлік – 2025» қысқы мектебі аясында дәстүрлі секция отырысы өткізілді. Іс-шараға еліміздің түрлі жоғары оқу орындарынан профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ өндірісте көпжылдық тәжірибесі бар мамандар қатысты.

Секция жұмысы барысында келесі баяндамалар мен тренингтер ұсынылды:

  • Физика сабағында STEM технологиясын қолдану тақырыбында семинар-тренинг өткізген физика-математика кафедрасының оқытушысы, дәріскер Қуатбаева Дана Ерғазиевна оқу процесінде заманауи әдістемелерді қолданудың тиімділігін көрсетті.
  • Білімді тұрақты дамыту мәселесін талқылаған информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушысы, дәріскер Адамбекова Айжан Мамановна мұғалімдерге арналған баяндамасын өткізіп, сауалнама жүргізді.
  • Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект кафедрасының оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты Узденбаев Жанбай Шуйншалиевич «ІТ білім берудегі инжиниринг есептері» тақырыбында баяндама жасап, өзекті мәселелерге қатысты инновациялық көзқарастарымен бөлісті.
  • Новые подходы в подготовке специалистов в условиях трансформации ТиПО тақырыбындағы баяндамасымен бөліскен PhD Нұрғожаев Шыңғыс Болатұлы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің директоры
  • WorldSkills: Жас мамандарға техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы мүмкіндіктер мен болашақ тақырыбында баяндама жасаған Сатқұлов Бахтияр Багланұлы, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі директорының орынбасары.

Іс-шара соңында оқу процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу жолдарын ұсынған спикерлерге Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма Төрағасы – Ректорының Алғыс хаты табысталды.

Бұл секция отырысы заманауи педагогикалық тәсілдерді талқылауға және тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаң ретінде танылды.