І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ұйымдастыруымен университеттің профессорлық-оқытушылық құрамының кәсіби шеберлігін жетілдіру, жаңа инновациялық технологияларды оқу процесіне енгізу мақсатында «Қысқы мектеп» педагогикалық шеберлік әдістемелік аптасы өтті. Апталық аясында Жаратылыстану-техникалық факультетінің секциялық отырысы өтті. Секциялық отырыста б.ғ.к., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасының қауымдастырылған профессоры Г.Анарбекова, Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы РММ Жетісу облыстық филиалының басшысы Б.Атантаев, Жаратылыстану пәндері кафедрасының оқытушы-дәріскері, PhD Б.Керімбай, Жаратылыстану пәндері кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.к., Б. Оксикбаев баяндама жасады.
Семинар-тренинг қызу пікірталас, түрлі презентациялар мен тәжірибе алмасу алаңы болды. Секциялық жұмыс барысында қатысушылар пәндік салаға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, өз көзқарастарын білдірді.
#SDG #ЦУР #ТДМ