Ұлттық басылым күні

2023 жылы Үкіметтің қаулысымен  2-ақпан «Ұлттық басылым күні» болып бекітілген болатын. Оның өзіндік тарихи мәні бар. Осыдан 1 ғасыр бұрын 1913 жылы 2-ақпан күні  қазақ журналистикасының бастау шыңында тұрған, оның ішінде мерзімді басымдардың көшін бастаған А.Байтұрсыновтың редакторлығымен  «Қазақ» газеті жарық көрді. «Қазақ» газетінің өзіндік мүддесі, көзденген мақсаты болды. Ол қазақ қоғамының санасына жаңа серпіліс беріп, сол уақыттағы өзекті мәселерді көтеріп, ұлттық бірлікке, сауатсыздықпен күресуге айрықша мән берген басылым болатын.

Ал 31-қаңтар күні Тіл сарайында «Аманат» партиясының ұйымдастыруымен баспа саласының өкілдерінің қатысуымен «Ұлттық басылым күні» құрметіне орай іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚР мәдениет қайраткері, журналист Әміре Әрін, «Jetіsý» газетінің бас редакторы Жұматай Әміреев, Жетісу радиосының жетекшісі Есболат Айдабосын және өңірлік газет журналистерімен қатар,  І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің  «Журналистика» мамандығының 2 курс, ЖҚ-211 тобының студенттері қатысты. Жиында білімгерлер аға буын өкілдерінің қазақ баспасөзінің тарихы, Алаш зиялылары турасында, газеттің қызығы мен қиыншылықтары туралы қызықты ақпарат алып, әдемі кездесудің куәсі болып қайтты.

Жиын соңында «Аманат» партиясы Жетісу облыстық филиалының басшысы Арыстанғали Арын сөз сөйлеп, газет журналистеріне және «Алатау» қоғамдық-саяси газетінде өндірістік іс-тәжірибеден өтіп жүрген І.Жансүгіров университетінің «Журналистика» мамандығының 4 курс студенттері Баймұхан Гүлнұр, Шыңғысова Айгерім, Набикенова Назеркеге «Аманат» партиясының алғыс хатын табыс етті. Студенттерімізді алғыс хатымен шын жүректен құттықтай отырып, барша мерзімді баспасөзде қызмет етіп жүрген журналистер қауымына еңбектеріңіз елене берсін демекпіз!