







Жетісу университеті Әскери кафедрасының ұйымдастыруымен Ауған соғысының ардагерлеріне арналған атты әскери-патриоттық кездесу кеші өтті.
Аталған іс-шара – батырларымыздың ерлігі мен қайсарлығын ұлықтауға, олардың жас ұрпаққа көрсеткен үлгісін насихаттауға бағытталды.
Кеш барысында ардагерлер соғыс жылдарындағы естеліктерімен бөлісіп, жастарға патриоттық тәрбие берудің маңыздылығын атап өтті. Ардагерлерге алғыс ретінде шағын сыйлықтар табысталды.
Шараға Мақсат Есбатыров, Болат Кемелханов, Мылтыкбай Баймолдинов,Жумабай Нурхаев, Серик Балагазов, Берикали Жексенбаев, Аманжол Байгутанов, Амангельды Омаров, Тоқтар Исаев, Сембай Тинистанов, Кайрат Жанабаев, Марат Айнеков сынды бірқатар ауған соғысының ардагерлері қатысты.
Мұндай кездесулер – студенттердің патриоттық сезімін оятып, Отан алдындағы азаматтық борышын адал өтеуге ынталандырмақ.
#SDG #ЦУР #ТДМ




