Ректор университеттің Enactus командаларымен кездесті

Басқарма төрағасы – Ректор Ермек Бөрібаев университеттің Enactus командаларымен кездесті.

Кездесуде командалар «Enactus Kazakhstan» Ұлттық Кубогына дайындап жатқан жобаларын таныстырды.

Enactus Zhetysu командасы Luxe Сталь, Barbox жобаларын ұсынды.

Luxe Сталь — пайдалы бактериялар мен саңырауқұлақтар негізінде тамақ қалдықтарын өңдеуге арналған компостері бар гидропоникалық ферманы өндіру мақсатында металл құрылымымен жұмыс істеу жобасы.

Barbox — макулатураны, өсімдік материалдарын және сазды қайта өңдеу негізінде табиғатқа су түскен кезде өніп шығатын тұқымдары бар сыйлық қораптарын өндіру жобасы. Мақсаты — оқушыларды, жұмыссыз жастарды жұмыспен қамтамасыз ету.

Enactus Zhansugurov College командасы ұсынған жоба:

Yngai — мүгедектерге арналған арнайы белдік. Ол мүгедектер арбасын пайдалану қиын болған жағдайда өздігінен жүру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Asyl Jem — жетілдірілген қасиеттері бар мал азығы.

#SDG #ЦУР #ТДМ