

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы арасында «Жасанды интеллект элементтерін білім беруде қолданудың артықшылықтары» атты семинар ұйымдастырылды.
Семинар барысында жасанды интеллекттің білім беру жүйесіне енгізілуінің маңыздылығы, оны тиімді қолдану жолдары мен оның студенттердің білім сапасына әсері талқыланды.
Цифрлық құралдардың көмегімен студенттердің қызығушылығын арттыру, онлайн-платформалар арқылы сабаққа қатысу мен кері байланыс ұйымдастыру және жасанды интеллект арқылы студенттердің үлгерімін бақылау және бағалау жүйелері туралы мол ақпарат берілді.
Қатысушылар жасанды интеллектінің білім берудегі артықшылықтарын талқылап, оны тиімді қолдану әдістерін үйренді.
#SDG #ЦУР #ТДМ