Академиялық ұтқырлық: студенттер үшін жаңа мүмкіндіктер!

Университеттің халықаралық ынтымақтастық орталығы студенттерге Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша кездесу ұйымдастырды. Онда студенттер Еуропа мен Азияның жетекші университеттерінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы ақпарат алды.

Кездесуде шетелдік жоғары оқу орындарына құжат тапсыру талаптары мен өтініш беру процесіне қатысты кеңес берілді. Академиялық ұтқырлықтың білім алушыларға кәсіби өсуіне ықпалы туралы айтылды.

Іс-шарада Түркия, Малайзия және Оңтүстік Корея елдеріндегі жоғары оқу орындарында оқып келген студенттер баяндама жасады. Олар шетелде оқу мен өмір сүру тәжірибелерін ортаға салып, бағдарламаның кәсіби және жеке дағдыларын дамытуға, халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті болуға жол ашқанын атап өтті.

Академиялық ұтқырлық студенттер үшін тек академиялық білімін арттыру ғана емес, сонымен қатар мәдени көзқарасын кеңейтуге және халықаралық байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін бірегей бағдарлама.

Жаңа мүмкіндіктерді жіберіп алмаңыз және әлемдік білім беру желісінің бір бөлігі болуға талпыныңыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ