Aqyl Battle: Linguistic Mastermind

2025 жылдың 20 ақпанында Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен 2 курс студенттері арасында «Aqyl Battle: Linguistic Mastermind» атты интеллектуалды ойын өтті. Сайысқа ШТҚ 211, ШТҚ 212, ШТҚ 213, ИЯР 211 топ студенттері қатысып, ағылшын тіліндегі білімдерін шыңдауға бағытталған қызықты әрі танымды шараға айналды. Интеллектуалды ойының басты мақсаты – студенттердің ағылшын тілі бойынша критикалық ойлау, тыңдау және сөйлеу дағдыларын дамыту болды. Ойын үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде студенттер топ атауын, ұранын және команда капитанын таныстырып, ең креативті таныстыруларға жоғары балл берілді. Бұл кезең шығармашылық пен өзін-өзі таныстыруға баса назар аударылды. Екінші кезең ағылшын тілінде сөздердің синонимдерін табу арқылы мақал-мәтелдерді анықтауды талап етті. Бұл кезең студенттердің сөздік қорын, жылдамдығын және ағылшын тіліндегі сауаттылығын тексеруге бағытталды. Ал үшінші кезең квест болып, студенттер әр деңгейде тапсырмалар мен шифрлар шешіп, өздерінің логикалық ойлау қабілеттерін көрсетіп, ағылшын тіліндегі деңгейлерін сынады. Қызықты әрі тартысты өткен сайыста үздік нәтижелер көрсеткен студенттер арнайы сертификаттармен марапатталды. Бұл интеллектуалды ойын білім мен шығармашылықты біріктіріп, қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.