Құттықтаймыз!

Қашағанова Әлияны Швейцариядағы Цюрих университетінің PhD докторантурасына түсуімен құттықтаймыз!

Әлия университетіміздің «Тарих» мамандығының (бакалавр және магистратура) түлегі және қазіргі уақытта Ғылым және коммерцияландыру департаментінің жобалық кеңсесінің қызметкері.

Беделді жетекші еуропалық университеттің PhD бағдарламасына қабылдану – шын мәнінде маңызды жетістік.

Әлияға ғылыми жолында табыс, шабыт пен жаңалықтар тілейміз!

Жолыңыз жарқын идеялар мен елеулі ғылыми жетістіктерге толы болсын!

#SDG #ЦУР #ТДМ