ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік ғылыми стипендиялардың 2024 жылғы лауреаттарын салтанатты жиында марапаттады.
Іс-шараға ҚР Президентінің жанындағы ҚР ҰҒА Президенті Ақылбек Күрішбаев, ҒЗИ және ЖОО басшылары, ғалымдар мен оқытушылар, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аталмыш жиында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің проректоры, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Болат Сериев мемлекеттік ғылыми стипендиялар конкурсының жеңімпазы атанып, марапатқа ие болды.
Болат Абдулдаұлын айтулы марапатымен құттықтаймыз.
Ғылым мен жоғары білім саласына қосқан еңбегіңіз жемісті болсын!
#SDG #ЦУР #ТДМ