БІТІРУШІ ТҮЛЕККЕ ЖАДЫНАМА

«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде» өзіңді қалай ұстау керек?

  • Жәрмеңкеге келген бойда қатысушы мекемелердің стендтерінің орналасу ретімен танысып, сізді қызықтыратын жұмыс берушілердің қай жерде отырғанын анықтап алыңыз.
  • Есіңізде болсын, кадрлық резерв деген түсінік бәрінде бар, сондықтан түйіндемеңіз болса, таратып беріңіз. Ал, жоқ болса, сауалнама толтырып кетіңіз. Көп жұмыс берушілерде ол бар.
  • Қызметке алушы маманнан сізді қызықтыратын мәселелерді сұраңыз, болашақ сұхбаттасу кезінде ол септігін тигізеді.
  • Жұмыс берушілердің жас мамандарға қоятын талаптарын сұрап біліңіз. Сіз оларға қаншалықты сәйкес келетініңізді саралаңыз.
  • Ірі компаниялар мен мекемелерге, ұйымдарға көңіл бөліп, олар туралы мол ақпарат алуға тырысыңыз. Олар сізді есінде сақтап қалуына күш салыңыз, бәлкім болашақта сізді қызықтыратын жұмыс орны сол компаниядан табылар.
  • Ұйымдар мен компаниялардың презентацияларына қатысыңыз, өйткені сол арқылы сіз қажетті ақпараттарды біле аласыз. Ол сізге тек сұхбат кезінде емес, сонымен қатар өз таңдауыңызды жасауға да көмегі тиеді.
  • Осындай іс-шараларда болатын тренингтер мен мастер-кластардан қалмауға тырысыңыз, ол сіздің дағдыларыңыздың артуына және өзіңізді көрсетуге мүмкіндік береді.
  • Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болсын. Көңілсіз, әрі немқұрайлы адам ешкімге ұнай қоймас.
  • Белсенді және сыпайы болыңыз. Уақытты босқа өткізбей, өзіңіз үшін көбірек ақпарат алуға тырысыңыз.

Есіңізде болсын, сәттілік Сіздің өз қолыңызда!