7М01501  «Математика» мамандығы магистраннтарымен өткізілген ашық дәріс сабағы

Пәні:Инновациялық бағыт жағдайында болашақ математика мұғалімдерін дайындауды әдістемелік қамтамасыз ету

Тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес  математиканы оқытудың мақсаты мен міндеттері

Дәрістің мақсаты: магистранттардың шығармашылық қабілеттерін белсендендіру  арқылы ақпараттық және  коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға бағыт беретін білім технологияларын қолдана білулерін  қалыптастыру.

Дәрістің міндеттері:

  • Мектептегі оқу пәні ретінде математика курсының мазмұнын анықтау және оның ғылыми негізін жасау;
  • Математика курсының мазмұны мен құрылу логикасын ғылым мен техниканың және заманымыздың бүгінгі талаптарына сәйкестендіру;
  • Педагогикалық процестің жалпы заңдылықтарын математиканы оқытудың нақты ерекшеліктеріне қолдану процесін зерттеу;
  • Математиканы оқытудағы озат тәжірибені зерттеу және қорытындылау.