І. Жансүгіров мұрасын зерттеудегі жаңа көкжиектер: Алматы қаласына ғылыми іс-сапар

ҚР ҒжЖБМ гранттық қаржыландыру аясында «Гуманитарлық ғылымдар даму процесіндегі І.Жансүгіров мұрасы: ХХІ ғасыр контекстінде» атты тақырып (2023-2025 жж. ЖТН АР19680053) бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мақсатында тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері, т.ғ.к. Е.О. Буланов 2025 жылдың 08-12 сәуір күндері Алматы қаласында іс-сапарда болды.

ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінде және ҚР Орталық мемлекеттік архивінде жұмыстар жасалып, материалдар қарастырылды. Зерттеу барысында І.Жансүгіровтың (қор: 1368), Ф.Ғабитованың (қор: 1012) жеке тектік қорларында сақталған мәліметтер жинақталды.  Іс-сапар нәтижесінде қол жеткізілген зерттеулер гуманитарлық ғылымдардың дамуын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, сондай-ақ І.Жансүгіров мұрасының заманауи ғылымға, соның ішінде тарих ғылымына қосар үлесін қайта қарастыруға мүмкіндік береді.

#SDG #ЦУР #ТДМ