BR24993047 Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау
Ғылыми бағдарлама туралы
- Бағдарламаның мақсаты:
Бағдарламаның мақсаты: жер қатынастарының даму тарихы заңдылықтарын кешенді түрде ғылыми талдау, тарихтағы мемлекеттік органдардың жер қатынастарындағы қызметінің тәжірибесін, заңнамасын талдауға негізделген мәселелерді ғылыми зерттеу.
- Міндеттері:
— Солтүстік Қазақстан аумағындағы жер қатынастарының зерттеу тарихы мен тарихнамасының сұрақтарын әзірлеу; тарихи өткен замандағы және қазіргі кездегі жер қатынастарының сұрақтарын қарастыру; зерттелетін өңірдегі жер қатынастарының экономикалық мәні мен мазмұнын анықтау, өткен тарихтағы олардың даму ерекшеліктерін ашып көрсету; өңірдегі жер меншігі мен шаруашылық формаларының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерін анықтау, жерге меншік пен оны пайдалану құқықтарын жүзеге асыру мақсаттарында мемлекеттің шаруашылық жүргізуді ұйымдастыру шарттарын жасауын қарастыратын ұсыныстарды дайындау; өңірдегі жер қатынастарының қазіргі заманғы даму жағдайының кешенді түрдегі сипаттамасын дайындау, ауылшаруашылық жерлерін пайдалану, жер айналымы жағдайының тиімділігін анықтау, олардың сапалы сипаттамасы; жер қатынастарын реттеудің экономикалық механизмін, атап айтқанда, жерді кадастрлік бағалауды, жерге салықты, жалға алу бағасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; жалға алу қатынастарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің айналымы механизмін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу; архив материалдарын талдау негізінде қазақ даласының әкімшілік-аумақтық, әлеуметтік-құқықтық, соттық, экономикалық құрылысының сапалы түрдегі жаңа жүйесін жасауды көздеген модернизациялау үдерісіне көшпелі қазақтарды тартуды зерттеу; осы үдеріске едәуір әсер еткен субъективті және объективті факторларды, аграрлық және ұлттық саясаттың нәтижелерін ашып көрсету; өңірді шаруалар мен казактарды қоныстандыру арқылы отарлау мәселесін және оның дәстүрлі қазақ қоғамы үшін салдарын қарастыру.
- Бағдарламаның идеясы:
Бағдарлама тарихи даму призмасы арқылы қазіргі заманғы сын-қатерлерді ескере отырып, жер қауіпсіздігін қамтамасыз ету қатынастарының мәселелерін (жер саясаты мен заңнамадағы тарихи өзгерістер қазіргі жағдайға қалай әсер етті), құқықтық тетіктерді, тұрақтылықты, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. ұзақ мерзімді перспективада экономиканы дамыту, жер туралы шешімдерді тиімді жүзеге асыру үшін ғылыми негізделген ұсыныстар мен практикалық ұсыныстар әзірлеу.
- Күтілетін нәтижелер:
Бағдарламаның нәтижелері бойынша келесі нәтижелер алынуға тиіс: мемлекеттік саясатты іске асыру барысында пайдаланылатын, жүргізілген кешенді зерттеулердің нәтижелерін ғылыми айналымға енгізу, оқу құралдарын басып шығару, жер қатынастарының тарихы бойынша ақпаратты қорыту. — бейінді ұйымдар үшін Солтүстік Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау, пайдалану және көпшілікке тарату бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеу; Солтүстік Қазақстанның археологиялық мұрасын Қазақстан мен Орталық Еуразияның туристік инфрақұрылымына енгізу тетіктерін әзірлеу; — ғылыми бағдарлама бойынша жеке веб-сайт құру; — XIX ғ-ң 2-ші жартысы мен ХХ ғ-ң басындағы жер қатынастары мәселелерінің даму тарихы, мәселелері және оларды шешу жолдарының Солтүстік Қазақстан материалдары бойынша 2 (екі) құжаттар жинағын дайындау және басып шығару. Бағдарламаның нәтижелері бойынша жариялану тиіс: 1) Web of Science деректер базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында citescore бойынша кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар рецензияланатын ғылыми басылымдардағы кемінде 4 (төрт) мақала және (немесе) шолу. 2) ҒЖБССҚК ұсынған журналдарда кемінде 6 (алты) мақала. 3) Қазақстан Республикасының Ұлттық зияткерлік меншік институтында тіркелген кемінде 1 (бір) авторлық куәлік. 4) өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған Солтүстік Қазақстан материалдары бойынша жер қатынастары мәселелері бойынша 2 монография шығару: (қазақ, орыс тілдерінде); 5) өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған Қазақстанның солтүстік өңіріндегі жер қатынастары мәселелері бойынша 2 (екі) оқу құралын басып шығару; 6) ютуб каналында Солтүстік Қазақстанның жер қатынастары мәселелері бойынша бейне дәрістер курсы; 7) өтініш беруші ұйымның ғылыми кеңесі және (немесе) ғылыми-техникалық кеңесі ұсынған Солтүстік Қазақстанның жер қатынастары мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастыру және өткізу; оның материалдар жинағын басып шығару.
