Мастер-класс

2025 жылдың 25 сәуірінде (1-ғимарат, 126-аудитория) «STEM, CLIL технологиялары және жасанды интеллект көмегімен оқу үдерісін модельдеу» тақырыбында оффлайн және онлайн форматта мастер-класс өткізілді.

Мастер-класты Педагогика және психология факультетінің оқытушылары: педагогика ғылымдарының кандидаты Ханина Н.Н., магистрлер: Тажинова Г.А., Жанатова Д.Б., Махметова Д.Т. жүргізді.

Мастер-класқа университет оқытушылары мен факультет студенттері қатысты.
Іс-шара барысында оқу үдерісін жақсарту мақсатында білім беру саласында жасанды интеллектті қолдану мәселелері қарастырылды.

STEM және CLIL технологияларын пайдалана отырып, оқу үдерісінің үлгісі көрсетілді, дәріс және практикалық сабақтардың үзінділері ұсынылды. Жасанды интеллект негізінде визуалды контент жасауға арналған платформалар пайдаланылды.

STEAM технологиясын жүзеге асыру аясында Presenti.ai, Madte, Kahoot және басқа да бағдарламалар қолданылды.

Қатысушылар пәнаралық құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған тапсырмаларды жобалау бойынша практикалық дағдыларын көрсетті.

Мастер-класстың мақсаты – жоғары оқу орны оқытушыларының қазіргі заманғы технологияларды білім беру үдерісіне біріктіру саласындағы кәсіби құзыреттілігін арттыру. Жұмыс барысында интерактивті, технологиялық тұрғыда негізделген оқыту модельдерін жасаудың практикалық әдістері меңгерілді. Бұл оқу бағдарламаларын жаңғыртуға, оқу үдерісін оңтайландыруға және білім беру сапасын арттыруға тікелей ықпал етеді.