С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында «XXI ғасыр педагогикасындағы Абай мұралары» атты IV Республикалық педагогикалық олимпиадасы өтті.
⚜️ 6В01701 «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша өткен білім сайысына университетіміздің Гуманитарлық факультетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ студенттерінен құралған «Алау» тобы қатысты.
⚜️ Республикалық педагогикалық олимпиадада жүлделі II орынды жеңіп алған студенттерімізді құттықтаймыз!
Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушы-дәріскері, магистр Мадина Тумабаева.
