2025 жылғы 23 маусымда физика-математика факультетінде Agri Ibrahim Çeçen университетінің (Түркия) Education факультетінің профессоры Mehmet Fatih Öçal қатысуымен ғылыми семинар өтті.
Кездесу барысында профессор Mehmet Fatih Öçal қатысушыларды Агрыдағы Ибрахим Чечен университетімен таныстырды және Түркияның білім беру жүйесінің ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар, ол математиканы оқыту әдістемесі саласындағы ғылыми ізденістерінің нәтижелерін, атап айтқанда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған Problem-Posing Task әдістемесін ұсынды.
Баяндама оқытушылар мен докторанттар арасында үлкен қызығушылық тудырды.



