







23.06.2025 жылы Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментімен Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум шеңберінде тараптар бірнеше негізгі бағыттар аясында бірлескен жұмыстарды іске асыруды жоспарлап отыр. Олардың арасында – еңбек қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, жұмыскерлердің құқықтары мен бостандықтарының сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, студенттердің семинарлар мен практикасын тиімді ұйымдастыру, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу.
Меморандумға қол қою Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті ғылыми дамытудағы маңызды қадам болып, бұл оқытушылар мен студенттерге еңбек қатынастарын құқықтық реттеу, еңбек саласындағы ғылыми зерттеулер мен ғылыми жобалар дайындауға мүмкіндіктер ашады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

