І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Педагогика және психология факультетінде ішкі академиялық ұтқырлық бойынша 3 курс студенттері 2024-2025 оқу жылы 3 семестрінде білім алды.
Атап айтқанда, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша Семей қаласы Шәкәрім атындағы университетінен Ақерке Нүрәділ, Ажар Жәнібек, Аружан Ғалымова және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінен Жансая Құрманғажы. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде оқу-тәрбие үдерісіне, тәрбиелік іс-шараларға қатысуда белсенділік танытумен қатар, жастар білім алуы үшін барлық жағдай жасалғандығы, университет базасы өте жоғары деңгейде қамтамасыз етілгендігі жөнінде айтып ризашылықтарын білдірді.




