
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің постдокторанты, PhD Гүлжан Хамитова MDPI (Multidisciplinary Digital Publishing Institute) ашық қолжетімді ғылыми журналдарға маманданған баспа үйі басып шығаратын Molecules журналына редактордың ассистенті болып тағайындалды.
Molecules журналы Web of Science базасында Biochemistry and Molecular Biologу, Chemistry категориясы бойынша Q2 (Journal Citation Reports), ал Scopus базасында Organic Chemistry категориясы бойынша Q1 (CiteScore) қатарындағы журналға жатады.
Хамитова Гүлжан Түймебайқызы университетімізде ҒжЖБМ Ғылым комитеті қаржыландыратын АР22685366 «Балдың құрамын химиялық талдау және географиялық тегін саралау» жобасы аясында Камерино университетімен (University of Camerino) бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Гүлжан Түймебайқызының алдағы жұмысына сәттілік пен зор табыс, жаңа мүмкіндік пен жетістікке жету жолында шалқар шабыт тілейміз.
Әр бастамаңыз жемісті болып, кәсіби салада жоғары нәтижеге қол жеткізе беріңіз!
#SDG #ЦУР #ТДМ

