Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуда.
Цюрих университетімен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында профессор Петер Финке жетекшілік ететін ауқымды зерттеулер жүргізілуде. Бұл жоба интеллектуалды капиталды нығайтуға, яғни тек университет ғылымының дамуына ғана емес, өңірдің зерттеу әлеуетін қалыптастыруға үлес қосады. Еуропалық әріптестермен бірлескен жұмыс Жетісу университетінің әлемдік ғылыми қауымдастықта ашық академиялық алаң ретіндегі мәртебесін тағы бір рет дәлелдейді.
Ынтымақтастық аясында қазақстандық жас кадрларды даярлауға ерекше көңіл бөлініп отыр. Докторанттар мен жас зерттеушілер халықаралық жобаларға қатысып, пәнаралық топ құрамында жұмыс істеудің бірегей тәжірибесін жинақтап, заманауи ғылыми талдау әдістерін меңгеруде. Мұндай бастамалар Қазақстанның жаңа буын ғалымдарын қалыптастырудағы маңызды қадам. Себебі, ғалымдардың жаңа буыны ұлттық қана емес, жаһандық деңгейдегі міндеттерді шешуге қабілетті болатыны анық.
#SDG #ЦУР #ТДМ

