«Болашақ – 500 ғалым» бағдарламасы бойынша Германияда тағылымдама
Гумбольдт атындағы Берлин университеті (Берлин, Германия) 2026 жылы «Болашақ – 500 ғалым» бағдарламасы бойынша ғалымдарды «Жасыл технологиялар және тұрақты даму» бағытындағы ғылыми тағылымдамадан өтуге шақырады.
⏳ Тағылымда 3 ай, 6 ай немесе 11 ай уақытқа жоспарланған.
📌 Қойылатын талап: ағылшын тілін білу (IELTS — 5.0, TOEFL: PBT 417, ITP 417, IBT 35, Duolingo – 80).
✨ Тағылымдама инженерия, АКТ, экология, агрономия, химия, биология, қаржы, экономика, мемлекеттік басқару, лингвистика мамандықтарының ғалымдары үшін пайдалы болады.
🔥 Бұл тағылымдама халықаралық ғылыми қоғамдастықтың бөлшегі болуға және Германияның жетекші университеттерінің бірінде тәжірибе алуға бірегей мүмкіндік!
Толық ақпарат алу үшін халықаралық ынтымақтастық орталығына хабарласыңыздар: Бас ғимарат, 309 кабинет.
📞 Телефон: +7 7282 40 10 19
📧 Email: intercenter@zu.edu.kz
#SDG #ЦУР #ТДМ

