«Қазақстандағы лудоманияны интегративті зерттеу және оны азайтудың көпсалалы стратегиялары» жобасы аясында университет телестудиясында «Жастар арасындағы лудоманияның алдын алу» тақырыбында сұхбат (подкаст) өтті. Сұхбатқа әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор, з.ғ.к., профессор Болат Сериев, университет психологы Гүлнара Исламжанова және облыстық Психикалық денсаулық орталығының психиатры Бейбіт Мұстафа қатысты.
Сұхбат барысында жастар арасында жиілеп бара жатқан үлкен мәселе лудомания, тәуелділік мәселелері айтылды. Құмар ойындар, бәс тігу көбіне көңіл көтеру сияқты көрінгенімен, адамның тағдырына, денсаулығына, зиянын тигізеді.
Студия қонақтары жастар арасында лудоманияның алдын қалай аламыз деген сұраққа толық жауап беріп, университетте психологиялық қызмет жұмыс істейтінін, жастарға әрқашан қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

