ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

14 қыркүйекте Шымкент қаласында ерлер мен әйелдер арасында марафон, жартылай марафон және 10 шақырым шосседегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Онда Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, Дене шынықтыру және өнер факультетінің студенттері өнер көрсетіп жүлделі орыннан көрінді.

21 шақырымдағы жартылай марафонда Сания Құдайберген — І орын, Есенбол Жаңабек — ІІ орын алса, 10 шақырым қашықтықта Айбол Омар — ІІ орын иеленді.

Университетіміздің абыройын асқақтатқан жеңімпаздарымызға шын жүректен алғыс айтамыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ