ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің BR24993150 «Мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды бейін алды даярлауға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында «МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АДАМДАРДЫ ИНТЕГРАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ҮРДІСТЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіледі.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – инклюзивті білім беру ортасын дамытуға және мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге пәнаралық және халықаралық диалог арқылы ықпал ету.

Бұл іс-шара инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы педагог қызметкерлер мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі ТМД-ға қатысушы елдердің Базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің өкілдері қатысуымен өтеді.

Баяндамашылар ретінде Ресей Білім академиясының Коррекциялық педагогика институтының директоры, п.ғ.д., академик Соловьева Т.А., М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің Инклюзивті білім беру институтының директоры, п.ғ.д., профессор Хитрюк В.В., А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің проректоры, п.ғ.д., профессор Кобрина Л.М., «ӘБЕО» Орталығының бас директоры, п.ғ.д., профессор Сүлейменова Р.А., п.ғ.д., профессор Мовкебаева З.А., Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми-практикалық орталығының директоры, PhD Бутабаева Л.А., Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА-ның өкілдері және тағы басқа ғалымдардың сөз сөйлеулері жоспарлануда.

Өткізу күні: 26 қыркүйек 2025 жыл
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 187А, конференц-зал (313 аудитория)
Басталу уақыты: 12:00 сағат

Іс-шара өткізілу форматы — гибридті
Қосылу сілтемесі: https://us06web.zoom.us/j/7793949401?pwd=jaxeRuliXZSgE1xLOQjzMpIRrdf85N.1
Дөңгелек үстел идентификаторы: 779 394 9401
Коды: 7777