“LinguaFest” тілдер апталығы

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде “LinguaFest” тілдер апталығы өтеді

Шетел тілдері және аударма ісі кафедрасы 2025 жылдың 23–26 қыркүйек аралығында дәстүрлі LinguaFest тілдер апталығын өткізеді.

Апталық аясында студенттер арасында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, білімдері мен шығармашылық қабілеттерін сынауға мүмкіндік беріледі. Іс-шаралар келесі тілдер бойынша өтеді:

Қазақ – түрік тілдері

Ағылшын – неміс тілдері

Қытай – корей тілдері

Аталған іс-шара студенттердің тілге деген қызығушылығын арттыруды, халықаралық достықты нығайтуды және көптілді тұлға қалыптастыруды мақсат етеді.

Барша студенттерді белсенді қатысуға шақырамыз!

#SDG #ЦУР #ТДМ