

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті жоғары оқу орындары арасында Жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша дәстүрлі республикалық байқау өткізді.
Байқауда «Фитосанитарлық қауіпсіздік» және Өсімдік қорғау және карантин» білім беру бағдарламалары бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Экология және ауылшаруашылығы ғылымдар кафедрасының студенттері жүлделі орындарға ие болды.
3-курс студенті Руслан Амангелді II дәрежелі дипломмен, ал 4-курс студенті Абзал Асқарұлы Алғыс хатымен марапатталды. Ғылыми жетекшісі — б.ғ.к., оқытушы-дәріскер Акмуллаева Айжан Сейтқанқызы.
#SDG #ЦУР #ТДМ

