Семинар

2025 жылдың 21 ақпан күні  «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби әрекетіндегі зерттеушілік жұмыстарымен шығармашылық қабілеттерін дамыту» атты республикалық  семинар  Жетісу облысының білім басқармасының әдістемелік орталығымен және мемлекетіміздің 217 «Ғылымды дамыту» бюджеттік бағдарламасы, 102 «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» кіші бағдарламасы бойынша  AP 19678345 «Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттіліктері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту» жоба  аясында ұйымдастырылды.

Семинарға Облыстық әдістемелік  орталығы мектепке дейінгі және бастауышта білім беру бөлімінің басшысы Ахметова Бибигул Рысбековна, Абай облысы Аягөз қаласы,  Өскемен қаласы, Астана қаласы, Жетісу облысы бойынша бастауыш сынып мұғалімдері және  оқыту және тәрбиелеу әдістемелері кафедрасының оқытушылары қатысты.

Семинар барысында қатысушылар педагогикалық және ғылыми-әдістемелік тәжірибелерімізбен бөлісіп, зерттеу жұмыстарының тиімділігін арттыру жолдарын қарастырды.

Семинарға қатысқан спикерлеге І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Басқарма Төрағасы-Ректорының атынан Құрмет грамотасы және сертификаттар  табысталды.