Экспедиция

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің профессор-оқытушылары мен Словакия Республикасындағы Жилин университетінің Биік таулар биологиясы институтының профессоры Marian Janiga және студенттер экспедицияға шықты. Мақсаты — Жетісу Алатауының мұздықтары мен мұздықтардан бастау алатын өзен суларының қазіргі жағдайын зерттеу.

Сондай-ақ Жетісу Алатауы тауларындағы мұздық жүйесіне физико-химиялық және биологиялық ластанудың жағымсыз әсерін анықтау. Бұл зерттеу су ресурстарының сапасын анықтайды және ауыр металдармен бактериялық ластанудың себеп-салдарын зерделейді.

Ғылыми зерттеу нәтижелерін жаратылыстану бағытының базалық және мамандандырылған пәндерін оқыту барысында студенттердің зерттеушілік құзыреттері мен функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында пайдалану көзделген.

Айта кетейік, бұл экспедиция ЖТН AP26102759 «Мұздықтардың физика-химиялық және биологиялық ластануының су сапасына және Қаратал өзенінің экожүйесінің флора мен фаунасының жеке көрсеткіштеріне әсерін зерттеу» гранттық жобасы аясында жүзеге асты.

#SDG #ЦУР #ТДМ