








І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде Гуманитарлық факультет студенттеріне арналған «Қаржылық пирамида – алаяқтық қылмыс ретінде» тақырыбында танымдық кездесу өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жастарды заманауи алаяқтық түрлерінен сақтандыру, киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ қаржылық және құқықтық сауаттылықтарын арттыру болды.
Кездесуге Жетісу облысы полиция Департаменті, Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ернат Серикханұлы Абдрахимов, сондай-ақ Халық Банкінің карталық бизнес орталығының бөлім басшысы Әлібек Керімбаев арнайы шақырылды.
Жиын барысында қатысушылар алаяқтықтың негізгі түрлері мен олардан қорғанудың заманауи тәсілдері жайлы толыққанды ақпарат алды. Интернет арқылы жасалатын қаржылық алаяқтық, әлеуметтік желідегі жалған парақшалар, фейк хабарламалар мен зиянды сілтемелердің алдын алу жолдары кеңінен түсіндірілді. Студенттерге жеке қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған маңызды ұсыныстар берілді.
#SDG #ЦУР #ТДМ

