Ақпараттық экскурсия

Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының 1-курс ИҚ111, ИҚ121 топ студенттеріне арналған ақпараттық экскурсиясы өтті.
Іс-шараның мақсаты- білім алушыларды университет ішіндегі мүмкіндіктер, “Робототехника және мехатроника”зертханасы, “Жасанды интеллект және виртуалды шындық” зертханасы, бассейін, кітапхана, мұражай т.с.с таныстыру, студенттік өмірге бейімдеу.
📌“Жасанды интеллект және виртуалды шындық” зертханасының меңгерушісі Ахметов Ж. У.
Startup, ІТ жобаларды дайындау және ұйымдастыру туралы ақпаратпен алмасты.
📌“Робототехника және мехатроника” зертхана меңгерушісі Ибраимов А.С.
Үйірмелер, инновациялық ғылыми және қолданбалы жобаларды әзірлеу туралы ақпаратпен бөлісті.
📌 Бассейн меңгерушісі, бассейнге қатысу ережелерімен таныстырды.
📌Экскурсия ұйымдастырушы топ-эдвайзері: Забиева К.К.
Осындай іс-шаралар студенттердің колжетімді мүмкіндіктер туралы танымын арттырып, оларды университеттің академиялық өміріне белсенді қатысуға ынталандырады.