
Амазонияның Өңірлік университетінде (гибридті формат) өткен International Conference on Technological Innovation, Sustainability, and Environmental Conservation (TISEC 2025) аясында Жетісу университетінің ғалымдарының баяндамасы 3-тректе — Governance, Education & Policy for Sustainable Development — Best Paper ретінде танылды.
Мақаланы IOP Publishing баспасының IOP Conference Series: Earth and Environmental Science журнал топтамасында жариялау жоспарлануда. (ISSN: 1755-1315; DOI сериясы: 10.1088/issn.1755-1315). Ұйымдастыру комитеті сертификат беріп, мақаланы жариялау күні белгіленген соң қосымша хабарлайтынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар TISEC-тің келесі шығарылымына қатысуға шақырып, Emerging Technologies in Education (EDUTEM) желісі мен Жетісу университеті оқу-ғылыми қауымдастығы арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды көздейтінін атап өтті.
Мақала авторлары: Алем Абділдаұлы (докторант; Жаратылыстану-техникалық факультетінің ассистент-оқытушысы), Алефтина Бахтаулова (биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор), Данагул Мукашева, (PhD), Мартина Хаас (PhD, қауымдастырылған профессор).
#SDG #ЦУР #ТДМ

