Тілдер апталығы

Бүгін Гуманитарлық факультеттің Шет тілдері және аударма ісі кафедрасында Lingua Fest тілдер апталығының концерті өтті. Бұл- көпкүндік бағдарламаның қорытынды шарасы.

Лингвистикалық шеберлік пен мәдениет арасындағы өзара қарым-қатынасты дамытуға арналған ауқымды мәдени іс-шара. Концертте әсем би қойылымдары, вокалдық орындаулар және түрлі шет тілінде өлең оқылды. Мұндай көптілділік студенттердің тілдік құзыреттілігін көрсетуге ғана емес, сонымен қатар әрбір мәдениеттің байлығы мен бірегейлігін айқындауға мүмкіндік берді.

Іс-шараның салтанатты ашылуында Гуманитарлық факультет деканы Райгүл Желдибаева, шет тілдері және аударма ісі кафедрасының меңгерушісі Динара Жабыкбаева құттықтау сөз сөйледі.

Концерт студенттер мен оқытушылардың шығармашылық әлеуетінің жарқын көрінісі болып, тілдің түрлі ұлт пен мәдениетті біріктіруші құрал ретіндегі күшін көрсетті.

#SDG #ЦУР #ТДМ