Ғылыми семинар

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 2025 жылғы 29 қыркүйекте Ғылым және коммерцияландыру департаментінің ұйымдастыруымен 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру мен «Жас ғалым» бағдарламасы бойынша ғылыми семинар өткізілді.

Оған оқытушылар құрамы мен жас зерттеушілер қатысты. Жиынның басты мақсаты – ғылыми байқаулар жайлы ақпарат ұсынып, конкурстық құжаттама және қатысу ерекшеліктерін түсіндіру. Семинарға Басқарма мүшесі – ғылым және интернационалдандыру жөніндегі проректор А.С. Бахтаулова жетекшілік етіп, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

Жиын барысында байқаулардың негізгі ережелері, өтінім ұсыну мерзімдері, құжаттарды даярлау қағидалары, біліктілік талаптары, нысаналы көрсеткіштер туралы дерек ұсынылды. Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры Л.Н. Карашолакова түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, назар аударатын бірқатар мәселелерге тоқталды. Шараның негізгі бөлігінде қатысушылар түйткілді сауалдар қойып, толық жауап алды.

#SDG #ЦУР #ТДМ