
2025 жылдың 30 қыркүйек күні І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті және «Жетісу облысы Білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Ш.Уәлиханов атындағы № 10 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою іс-шарасы өтті. Іс-шараға Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер жөніндегі проректор, философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор (доцент) Б. Таубаев, гуманитарлық факультет деканы Р. Желдибаева, тарих және әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары және білімгерлері қатысты.
