











Бүгін Гуманитарлық факультеттің Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттың ұлы перзенті, ғалым, ағартушы Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай «Қазақтың тұңғыш ғалымы» атты ашық дәріс өтті.
Шарада Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Серив кіріспе сөз сөйлеп, этнограф-ғалымның ағартушылық көзқарасы мен ұлт болашағы жолындағы еңбегіне қысқаша тоқталды.
Ашық дәрісте халықаралық «Шыңғысхан» академиясының академигі, Шоқантанушы Бағдат Ақылбеков ғылыми баяндама жасап, Шоқанның өмірі мен қызметі, ғылыми зерттеулері, мол мұрасы жайлы терең мағлұмат берді. Сондай-ақ дәріс барысында қатысушыларды Шоқан салған суреттермен таныстырды.
Бұл студенттердің қызығушылығын арттырып, ғалымның жан-жақты дарынын айқындай түсті.
Іс-шара аясында «Тезек төре туралы шырқасам», «Шоқан», «Ұлы Шоқан басында» атты әндер орындалып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
#SDG #ЦУР #ТДМ

