Постдокторант Мухашева Меруерт Бауыржановнаның ғылыми жобасы аясындағы нәтижелер

AP25795177 «Инклюзивті білім беру жағдайында робототехниканы оқыту технологиясы» ғылыми жобасы аясында зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Ғылыми кеңесші – психология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Наубаева Хапиза Танирбергеновна.

Зерттеудің алғашқы кезеңінде инклюзивті білім беру саласындағы робототехниканы қолдануға қатысты отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды. Бұл талдау инклюзивті ортада робототехниканы пайдаланудың теориялық негіздерін айқындауға және әлемдік тәжірибелерді салыстырмалы тұрғыда зерделеуге мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, робототехника бойынша оқу сабақтарына арналған техникалық және бағдарламалық құралдар дайындалды.

Аталған жұмыстардың негізінде ғылыми мақала әзірленіп, халықаралық конференцияға жолданды.

Сонымен қатар, жоба жетекшісі, постдокторант Мухашева Меруерт Бауыржановна И. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде өткен «Мүмкіндігі шектеулі адамдарды интеграциялау және әлеуметтік бейімдеу үрдістері мен перспективалары» атты дөңгелек үстел отырысына қатысып, зерттеу нәтижелерімен бөлісті.