Хабарландыру!

Құрметті әріптестер!

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2025» ЖОО ішіндегі кезеңін өткізу конкурсын жариялайды.

Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 мамырдағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.  Құжатқа сілтеме https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010506.

Конкурсқа кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар, сондай-ақ педагогикалық және ғылыми қызметтегі жоғары жетістіктерімен ерекшеленген университет штатындағы оқытушылар қатыса алады.

Өтініш пен қажетті құжаттар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады. Құжаттарды тапсыру бойынша толық нұсқаулық universitycontest2025.iac.kz сайтында жарияланады.

Конкурс өткізу мерзімі:

  • Өтінім қабылдау: 31.10. 2025ж. дейін;
  • I кезең – ЖОО ішінде: 03.11-14.11.2025ж.;
  • Апелляция уақыты: 17.11-19.11.2025ж.;
  • II кезең — республикалық: 01.12-12.12.2025ж.

Қосымша анықтамалар үшін хабарласу: Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу-әдістемелік бөлімі басшысының м.а. Лемещенко Олеся Витальевна, Жансүгіров көшесі 187а, 105а кабинет, тел. 22-21-22, ішкі 1169, e-mail: o.lemechshenko@mail.ru.

#SDG #ЦУР #ТДМ