Физика-математика факультеті, Информатика және білімді цифрландыру кафедрасының оқытушы-дәріскері Н.Ермекова, 22-ші қазан 2025 жылы, 2 курс білімгерлері, ИҚ211(IP), ИР211(IP) топтарымен «25 қазан – Республика күні» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің отансүйгіштік рухын арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігінің тарихи маңызын түсіндіру және жастарды елжандылыққа тәрбиелеу болды. Тәрбие сағаты барысында Республика күніне арналған шет елдегі қазақтардың құттықтау сөздерімен видео көрсетілді. Тәрбие сағатының қорытынды бөлімінде оқытушы студенттерді Республика күнімен құттықтап, елдің дамуына үлес қосуға, білім мен еңбекті жоғары бағалауға шақырды.




