Жетісу университетінің тарихшы студенттері сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Түркияда білім алуда

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Гуманитарлық факультетінің 6В01601 – «Тарих» білім беру бағдарламасының 3-курс ТҚ-311 тобының білімгерлері Алибекова Сымбат Нуралимовна, Айтбек Асем Асетқызы, Қыдыр Жансая Шеризатқызы және Мурзакенова Акбаян Багдатовна 2025–2026 оқу жылының 1-жартыжылдығында Түркия Республикасының Нийде Омер Халисдемир университетінде сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында білім алуда.

Білімгерлер «Тарих» мамандығы бойынша теориялық және тәжірибелік білімдерін жетілдіріп, түрік жоғары оқу орнындағы оқу процесімен, ғылыми бағыттарымен және мәдени ортамен танысып жатыр. Бұл тәжірибе студенттердің академиялық көкжиегін кеңейтіп, халықаралық деңгейде кәсіби құзыреттерін арттыруға мүмкіндік береді.