
2025 жылы 21 қазанда І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Гуманитарлық факультеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушы-дәріскері Б.Т. Калиева «Тарих» білім беру бағдарламасының 4-курс білімгерлерімен «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан: заң мен тәртіп» тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
Іс-шара барысында білімгерлермен экологиялық мәдениет, құқықтық сана және қоғамдағы азаматтық жауапкершілік мәселелері бойынша сұрақтар талқыланып, пікір алмасты. Кураторлық сағат жастардың таза орта қалыптастырудағы белсенді ұстанымын арттыруға және адалдық пен заңға құрмет қағидаттарын насихаттауға бағытталды.




